Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ернар Айдар концерттегі табысын тараздық бүлдіршіннің еміне аударды

Опубликовано:

Ернар Айдар отбасымен
Фото: Instagram/ernaraidar_kz

Отандық танымал әнші Ернар Айдар 1,5 жасар бүлдіршіннің еміне өз атынан қомақты қаржы аударды. Өнер иесі Таразда ән кешін өткізіп, сол күні тапқан бар қаржысын Айсезім Еркіннің ата-анасына жеке өзі табыстады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ернар Айдардың бұл игі әрекеті туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды. Әнші концерттен кейін Айсезімнің үйіне барып, тапқан бар табысын оның ата-анасына берді.

Оған қоса, әртіс өз жанкүйерлерін де бүлдіршінге қолдан келгенше көмектесуге шақырды.

"Алла шипасын берсін. Жаным Айсезім, сен жазылып кетесің, Алла қаласа. Еміне ауқымды қаражат кететін болғандықтан, әлі де ақша жиналып жатыр, көмектесемін десеңіздер, барлық мәлімет парақшада бар. Айналайын халқым, баршаңызға Алла разы болсын. Мен сіздерге ризамын", – деп жазба қалдырды Ернар.

Айта кетейік, 1,5 жасар тараздық Айсезім Еркінге арқа бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған. Оған құны 1 миллиард теңге тұратын әлемдегі ең қымбат Zolgensma препараты қажет. Әзірге сәбидің ата-анасы 473 миллион теңгеден аса қаражат жинап үлгерген. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947864-ernar-aidar-koncerttegi-tabysyn-tarazdyq-buldirsinnin-emine-audardy/

pixel