Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қабатовтан 5 есе қымбат": Нұрлан Сабуров бір той жүргізгенде қанша табатыны белгілі болды

Опубликовано:

Нұрлан Сабуров
Фото: LABELCOM YouTube арнасы

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров тойда асабалық еткені үшін 50 мың доллар алады. Ол жуырда ғана Алматыда өткен қайырымдылық кештердің бірінде жүргізуші болды, деп жазады Express Қазақстан.

Нұрлан Сабуровтың Алматыға келіп, той басқарғаны — 50 мың доллар тұрады. Оның менеджерінің айтуынша, мерекелік кешті ол жалғыз өзі жүргізбейді. Қасында міндетті түрде көмекші асаба болады екен. Алайда танымал әзілкештің той иелеріне қоятын өзге де талаптары бар.

Сонымен, Сабуровты тойыңызға шақыра қалсаңыз, әуелі той өтетін жерден аумағы 20 шаршы метр болатын бөлмені дайындайсыз. Оның ішінде үтіктің бірнеше түрі және тоқ сұғатын орын жеткілікті болуы керек.

Бұдан бөлек, Нұрланның қасына жеке күзетші қоюыңыз шарт. Ол той үстінде Сабуровпен суретке түскісі, қолтаңба алғысы, амандасқысы келетіндерден қорғайды.

Ал үзіліс кезінде оның бөлмесінде мына заттардың болуы міндетті: Виски, 2 бөтелке газдалмаған су, қара және көк шәй, бал, лимон, кофе, майлықтар, жеміс-жидек және арнайы мейрамханадан тапсырыс берілген тағам түрлері.

Егер сіз Сабуровтың осы талаптарына көнсеңіз, қосымша оның жол шығынын да өтейсіз. Мәскеуден келіп-кетуі үшін екі адамға міндетті түрде ұшақтың бизнес санатынан билет аласыз.

Сондай-ақ оның қаладағы жатын жері де 5 жұлдызды қонақ үй болуы керек. Бір люкс және патшалар жататын арнайы бөлменің шығыны да сіздің мойныңызда.

Ал іс-шараның күнін белгілеп және брондау үшін жалпы соманың 50 пайызын алдын ала төлейсіз. Қалғанын тойға бір апта қалғанда кешіктірмей аударуыңыз қажет.

Айта кетерлігі, белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тойда қызмет еткені үшін 10 мың доллар алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947871-qabatovtan-5-ese-qymbat-nurlan-saburov-bir-toi-zurgizgende-qansa-tabatynyn-belgili-boldy/

pixel