Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз үшін қалыпты жағдай": Сәдуақасова жаңа жылды үйінде қарсы алмайтынын айтты

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова жаңа жылды өз жанұясымен қарсы алмайтын болып шықты. Өнер иесі дәл 31 желтоқсан күніне тапсырыс алып қойған. Ол 2022 жылды сахнада ән айтып күтіп алмақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында айтып берді. Ол жаңа жылды ән айтып тұрып қарсы алу өзі үшін қалыпты жағдай болып кеткенін жеткізді.

"Тура 31-не заказ түсіп жатыр. Жаңа жылды басқа қалада, ән айтып тұрып қарсы алған қалыпты жағдай ғой әнші үшін. Үйдегілер не болды сонша? Үйде отбасыңмен бол деп жатыр. Тек қана әншілер емес қой жұмыста қарсы алатын жаңа жылды? Мысалы, медиктер де бар", - деп жазды ол.

Алайда, желі қолданушылары жаңа жылда тапсырыс қабылдауға бекінген өнер иесін қолдамады. Олардың пікірінше, әр адам бұл мерекені өз жанұясымен қарсы алу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947916-biz-usin-qalypty-zagdai-saduaqasova-zana-zyldy-uiinde-qarsy-almaitynyn-aitty/

pixel