Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ауыр Салтанат Бақаева ерекше фотосессия жасады (фото)

Опубликовано:

Салтанат Бақаева
Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Отандық танымал әнші Салтанат Бақаева желіде жаңа фотосессиясымен бөлісті. Өнер иесі төртінші сәбиін күтіп жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Бақаева аяғы ауыр кезінде аса ерекше фотосессия жасап, оны барша оқырмандарына көрсетті. Әнші оның нәтижесімен Instagram парақшасында бөліскен.

Суреттерде әртістің аса нәзік образдарды таңдағанын көруге болады.

Алайда, өнер иесінің фотосессиясы желідегілер арасында қызу талқы тудырды. Бірі оның фотоларына тамсанса, енді бірі оны сынауға көшті.

"Әлемдегі ең әдемі әйел –  жүкті әйел", "Барлығы әдемі", "Әдемісіз. Алла тіл-көзден сақтасын. Аман-есен қол-аяғыңызды бауырыңызға алыңыз", "Қазақтарға жат қылық қой бұл. Масқара, ата-енеңіз бар, қалай ұялмайсыз? Не өнеге? Не тәрбие?", "Масқара, жарасып тұр деп ойлайсың ба? Әрі жүктісің", "Осының не керегі бар екен", "Ұят екен", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947982-ayagy-auyr-saltanat-baqaeva-erekse-fotosessiya-zasady-foto/

pixel