Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әке, бұл сенің марапатың": Марқұм әкесін есіне алған Дана Есеева елді жылатты

Опубликовано:

Дана Есеева
Фото: Instagram/dana_yesseyeva

Отандық танымал блогер Дана Есеева жақында тәуелсіздік күніне орай ерекше марапатқа ие болды. Желі жұлдызы бұл марапатын марқұм әкесіне арнап, ол туралы естеліктерімен елді жылатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Есеева Instagram парақшасында өмірінде болған ауыр оқиға туралы айтып берді.

"Осыдан тура он жыл бұрын әкеме "Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен сізді марапаттайды. Дайын болыңыз” дегені есімде. Біздің ата-аналарымыз үшін бұл өте маңызды құрмет. Әкем шахтер ретінде медальдан да үлкен құрметке лайық. Бірақ сол күйі ешкім келген де, марапаттаған да жоқ. Әкем сонда: “Маған 10 жылдықта медаль берген. Медальді екі рет бермейтін шығар" деді. Ол өзін ыңғайсыз сезінді. Бірақ солай жұбатты. Оның медальді күткені көрініп тұрды. Оның көңіл-күйі түскенін сезіп жүрдім.
Біршама уақыттан соң оның ауруы ракқа айналғанын білдік. Өкінішке қарай, ол арамыздан ерте кетті. Мен дәл қазір аспанға қарап тұрып: "Әке, қарашы, мынау сенің медалің деймін. Тек 10 жыл кешіктіріп әкелді. Сенің атың жазылып тұр. Бұл – сенің марапатың. Бұл енді маңызды болмаса да, кішігірім зат болса да, сенің қорапшаңа салып қоямын", – деп жазды Дана.

Сондай-ақ, блогер бұл марапатты қандай еңбегі үшін алғанын да түсіндіре кетті.

"Отандық өнім өндіріп, 100-ден астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп, қоғамдық өмірге атсалысып, қайырымды істерге араласып жүргенім – еленуге тиіс еңбек, бірақ болашақта бұдан да игі істер атқарамын деп ойлаймын", – деп жазды ол. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948104-ake-bul-senin-marapatyn-marqum-akesin-esine-algan-dana-eseeva-eldi-zylatty/

pixel