Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әнші Өмірқұл Айниязов "Құрмет" орденіне ие болды

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов пен Қырымбек Көшербаев
Фото: Instagram/omirkul_ainiyazov

Отандық танымал әнші Өмірқұл Айниязов жаңа жыл қарсаңында ерекше марапатқа ие болды. Өнер иесіне "Құрмет" ордені тарту етілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықпен әншінің өзі Instagram парақшасында бөлісті. Эстрада жұлдызына аталмыш марапатты Қырымбек Көшербаев табыстаған.

Өнер иесі марапаттау сәтіндегі суретін де көпшілікке көрсеткен.

Желі қолданушылары Өмірқұл Айниязовтың еңбегі еленіп жатқанына қуанып, оны жарыса құттықтады.

"Құтты болсын. Әбден лайықсыз", "Құрметіңіз арта берсін", "Жарайсыз, сіз үшін қуаныштымыз", "Құтты болсын. Марапатқа лайықтысыз. Өнерді бағалайтын адам керемет қой. Алла барша қазағымыз аман болсын. Қазақстан егемен еліміз көркейе берсін", "Марапатыңыз құтты болсын. Болашақта көбейе берсін", - деп жазды халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948139-tanymal-ansi-omirqul-ainiyazov-qurmet-ordenine-ie-boldy/

pixel