Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен ерекше фотосессия жасады

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа фотосессиясымен бөлісті. Өнер иесінің балаларымен түскен суреттері елдің ыстық ықыласына ие болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жыл қарсаңында балаларымен ерекше фотосессия жасауды ұйғарған. Оның нәтижесін актриса Instagram парақшасында көрсетті.

Суреттерде жұлдызды жанұяның аса нәзік образдарда далада серуендеп жүргендерін көруге болады.

"Жылулық. Махаббат. Бақыт. Төрт құбылам", - деген жазба қалдырған өнер иесі фотосының астына.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасыға жылы лебіздерін жаудырды.

"Жұлдыз жерлесім, қызым. Жұлдызың әрқашан жаңа берсін! Сұлу да, ақылды салмақтысың. Сен әлі ешкімнің көмегінсіз талай биіктіктерге жетесің", "Қандай керемет суреттер, сондай күшті шыққан", "Не деген әдемі. Фантазияңыз мықты екен", "Нағыз қыстық ертегідегідей", "Бақытты болыңыздар. Сіздерге көз тимесін", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948664-zuldyz-abdikarimova-balalarymen-erekse-fotosessiya-zasady/

pixel