Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова: Сынаққа сынып кетпей, жеңіп шығуға әбден мүмкіндік бар

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртаспен
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде ұлы Қайрат Нұртасқа жазба арнап, оған өзінің аналық алғысын білдірді. Ол кезінде баласы үшін тер төксе, бүгінде оның жемісін көріп жатқанын айтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова жантебірентерлік жазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Ол баласының орасан зор жетістіктерге жеткеніне аса қуанышты екенін айтты. Продюсер бүгінде бақыттан басы айналып жүргенін алға тартты.

"Анашым, ауыл-ауылдан бастап, сіз түкпір-түкпірді аралап, елге танылуымды паш еттіңіз, енді сізді әлемнің түкпір-түкпіріне алып барамын, көзіңнен бақытты сәттеріңді көргім келеді" дейді балам. Ал мен болсам, амандығына, күлімдеп, мейіріммен көңіл бөліп қарағанына бақыттымын! "Биіктен төменге қарап басыңыз айналмады ма" дейді, жоқ биіктен қарағаннан емес, бақыттан басым айналды, құлыным!
Кез келген сынаққа сынып кетпей, жеңіп шығуға мүмкіндігің әбден бар, ең бастысы отбасыңда, төрт көзің түгел амандық болса, одан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Алладан сұраумен қатар, амандығыңыз үшін сансыз шүкіршілік айта жүруді ұмытпаңыз! Үміт артқан ұл-қыздарыңыз бақытқа жеткізсін", - деп жазды ол.

Қайрат Нұртас АҚШ-тағы отандастарына концерт берумен қатар, ол анасының қамын да ұмытпаған. Ол продюсер анасымен бірге Нью-Йорк қаласының үстінен тікұшақпен ұшып өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948673-gulzira-aidarbekova-kez-kelgen-synaqqa-synyp-ketpei-zenip-syguga-mumkindik-abden-bar/

pixel