Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халыққа обал": Байқауда көп дауыс жинаған Гүлмира Әбіқай бас жүлде басқаға бұйырғанына таң қалды

Опубликовано:

Гүлмира Әбіқай
Гүлмира Әбіқай: жеке мұрағат

Танымал журналист, "Дау дамайсыз" бағдарламасының авторы Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіге өз өкпесін жазды. Ол "Асылтас" қоғамдық қорының стипендиясына үміткерлер қатарында болған. Айтуынша, финалға шыққан журналистер арасында дауыс саны бойынша көш бастаса да, жеңіс басқа адамға берілген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байқаудың финалына алты журналист шыққан. Гүлмира Әбіқай 9768 дауспен көш бастайды. Алайда, бір миллион теңгелік стипендия 5256 ұпай жиған қатысушыға беріледі.

"Кеше мен тойда думандатып жүргенде, "Асылтас" қоры ұйымдастырған байқау жеңімпаздары анықталыпты. Жылдың үздік журналисі атауында маған ең көп дауыс беріпсіздер, рахмет. Алайда, сертификат басқа әріптесіме берілді.

Мен марапаттан кенде емеспін, 2 жыл бұрын “Халықтың сүйіктісі” атандым, кеше ғана “Халық алғысына” бөлендім. Айтпағым, маған шын жүректен дауыс берген халыққа обал.

9768 дауыс жинаппын, алайда 5256 дауыс жинаған әріптесім ұтты. Сонда не үшін дауыс берген?

Халықтық дауысқа салған соң жеңімпазды ішкі құрам анықтайды деді. Қазылар алқасындағылар өзінің дос, курстастарынан : “Қалай ойлайсың, стипендияға кім лайықты?” деп сұрайды екен, болды.

Мен бұл стипендиядан үміткер болғанымды Дубайда жүргенде білдім. Кім мені енгізген деп ем, ұйымдастырушылар халық пікірі деді. Халық болса хош деп едім, ақыр соңында өз дегенін жеңімпаз қылатын болса, несіне мұнда халықты араластырып отыр. Мен мұндай кәкір-шүкір байқауларға зәру емеспін, мүлдем кірістірмеңдерші!

"Халық, халық" деп менің атымды кірістіріп, ең соңында өзінікін жасаған қорға не дейміз?

Жәй ғана қор өткізген байқауда дауыстың қалай саналғанын көрдіңіздер, бұдан кейін саяси науқандағы дауыстар қайда кетті деп сұрау бекер", - деп жазды журналист.

Осы орайда, ел арасында түсініспеушілік тудырған сауалға "Асылтас" қорының баспасөз хатшысы Рауан Оқас жауап берді.

"Журналист Гүлмира Әбіқай неге жеңімпаз атанбады? Гүлмира Әбіқайды "Асылтас" қоғамдық қоры атқарып жүрген еңбегіне орай, стипендияға ұсынды. Бірінші кезеңде халық сайт арқылы дауыс берді, соның нәтижесінде ең көп дауыс жинаған алты үміткердің арасынан үш номинант екінші кезеңге жолдама алды. Жылдағы ереже бойынша, екінші турда БАҚ саласының 20 сарапшысына жеңімпазды анықтау бұйырды. Бірінші орынға 3 ұпай, екінші орынға 2 ұпай, үшінші орынға 1 ұпайдан есептелді. Нәтижесінде, ең көп ұпай жинаған Данияр Әлімқұл жеңімпаз атанды. Ал Гүлмира Әбіқай жеңімпазды тек сайт арқылы дауыс бергендер ғана шешеді деп ойлаған", - деді Рауан Оқас.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948800-dauys-bergen-xalyqqa-obal-baiqauda-kop-dauys-zinagan-gulmira-abiqai-bas-zulde-basqaga-buiyrganyna-tan-qaldy/

pixel