Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында ғана босанған Сабина Алтынбекова жанұясымен шетелде демалуда (фото)

Опубликовано:

Сабина Алтынбекова отбасымен
Фото: Instagram/altynbekova_20

Отандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова отбасымен бірге шетелде саяхаттап жүр. Жұлдызды отбасы демалысын Дубайда өткізуді ұйғарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас жұбайлардың Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанғаны туралы олардың Instagram желісіндегі парақшаларынан белгілі болды.

"Аяқ-асты жиналып кету - нағыз біз туралы айтылған нәрсе. Шаңырақ көтергенімізге бір жол толуына қарай нұрлы Дубайға жол тарттық. Жақсы жеттік. Баламызбен керемет демалыс өткізудеміз", - деп жазды Алтынбекова.

Ерлі-зайыпты Дубайда түскен суреттерін жариялап, Stories бөлімінде демалыстары қалай өтіп жатқанын көрсетуде.

Желі қолданушылары қос ғашықтың жақында ғана сәбилі болғанына қарамастан шетел асып кеткеніне түрлі пікірлерін білдірді. Олардың бірсыпырасы жас жұбайларға жақсы демалыс тілеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948860-zaqynda-gana-bosangan-sabina-altynbekova-zanuyasymen-setelde-demaluda-foto/

pixel