Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мыңдаған кедергі мен сынақ болды": Нью-Йорктен сәлем жолдаған Фариза Төреәлі бала күнгі арманын айтты

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фото: Instagram/fariza_toreali

Америкаға аман-есен жеткен Төреғали Төреәлінің қарындасы нағыз бала күнгі арманы орындалғанын айтты. Жолдасы екеуі бұл күнді асыға күткендерін мойындады. Олардың сөзінше, бұл мақсатқа жету жолында сан түрлі кедергілер мен сынақтар болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев Америка құрама штаттарына аман-есен жеткенін Instagram желісінде хабарлаған. Асқақ армандары орындалған жас жұбайлар бұл елге келгендегі алғашқы әсерлерін оқырмандарына бөліскен.

Олар бұл күнге жету үшін көптеген сынақтардан өткендерін айтты.

"Алла қалауымен аман-есен жеттік! Сіздерге Америкадан сәлем! Бала күнгі арманымыз орындалып, эмоцияда жүрміз. Әлі сене алар емеспіз. Маған бұрын біреу Нью-Йоркта оқитын боласың, күйеуіңмен Америкада тұрасың деп айтса, сенбес едім. Бұл мақсатқа жету жолында мыңдаған кедергі мен сынақтар болды. Ең соңғы қадам - ұшудың өзі қандай ауыр болғанын өздеріңіз көрдіңіздер. Бәрі артта, шүкір! Бізде уақыт 11 сағат артта, менің стористарымды уақытқа қарамай көруге уәде етіңіздер", - деп жазды Фариза.
"Жаңа өмір, жаңа мақсат, жаңа біз", - деп жазды Дархан Нортаев.

Айта кетейік, бұған дейін ерлі-зайыптының отбасыларымен қоштасып, Америкаға жолтартқандарын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948865-myndagan-kedergi-men-synaq-boldy-nyu-iorkten-salem-zoldagan-fariza-toreali-bala-kungi-armany-turaly-aitty/

pixel