"Жұлдызбен шай ішем": Америкадан оралған Қайрат Нұртастың видеосы қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/kair_n

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас АҚШ-тан елге оралып, өнердегі әріптестерімен қауышты. Хитменді алғашқылардың бірі болып Кенжебек Жанәбілов қарсы алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кенжебек Жанәбілов Қайрат Нұртасқа өзі жасап шығаратын тәттілерден дәм татқызған.

Өнердегі ағасының бастамасына жоғары бағасын берген әнші қалған шоколадты жары Жұлдызбен жейтінін айтты.

Өнер иесінің бұл видеосы бірден әлеуметтік желілерге тарап, елдің қызу талқысына түсті. Қалың көпшілік ерлі-зайыптылардың қайта табысқанын жарыса жазып, олар үшін қуанышты екендерін жеткізді.

"Жұлдызбен дейді. Бақытты болыңдаршы", "Екеуі жарасып кетсе екен", "Жұлдызбен шай ішкен кезде суретін салсын", "Дұрыс Жұлдызбен, балаларыңмен бірге бол. Бір жастықта қартаюды нәсіп етсін", "Енді қайтсін жастайынан қосылған жары", "Бақыттарың баянды болсын", "Дұрыс, бірге болуларың керек. Екеуің бір-бірің үшін жаралған жандарсыңдар", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948894-zuldyzben-sai-isem-amerikadan-oralgan-qairat-nurtastyn-videosy-qyzu-talqyga-tusti/

jitsu gif