Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар күреп жүрген Мақпал Жүнісова елді тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова қар күреп жатыр
Видеодан кадр: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде қар күреп жүрген сәтінен видео жариялады Қалың көпшілік 57 жастағы өнер иесінің бұл әрекетіне тәнті болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова соңғы уақытта Instagram парақшасында белсенділік танытып жүр. Эстрада жұлдызы күнделікті немен айналысатынын оқырмандарына көрсетіп, оларға барынша өз жаңалықтарын бөлісуде.

Ал бұл жолы әнші ауладағы қалың қарды күреп жатқан видеосын жариялап, елді тәнті етті. Бейнежазбада оның есік алдын қардан тазалап жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл әрекетіне риза болып, оған өз жылы лебіздерін білдірген.

"Мақпал ханым жарайсыз. Мына жаста қар күреу деген - үлкен іс", "Жаңа жыл құтты болсын. Мерей екеуіңізде бәрі жақсы болсын. Аңсаған армандарыңыз орындала берсін", "Мәке керемет. Көмек керек пе?", "Тамаша, жарайсыз", "Шаршамаңыз, жасай беріңіз", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948897-qar-kuregen-maqpal-zunisova-eldi-tanti-etti-video/