Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индира Расылхан: Өнерді бастағанда мені бәрі бірден тыңдай салған жоқ

Опубликовано:

Индира Расылхан кітап оқып тұр
Фото: Instagram/indirarasylkhan

Жақында ғана өнерден түбегейлі кетіп, өзін басқа салада сынап көретінін жария еткен Индира Расылхан оқырмандарына үндеу жасады. Ол өзін бұл әрекеті үшін сынға алып, қабылдай алмай жатқандарға қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Индира Расылхан енді сахнада ән айтуды қойып, өзгергісі келетін жандарға трансформациялық курс жасап шығарды. Ол өзінің жиған-терген білімімен халыққа бөлісуді жөн көрді.

Алайда, әншінің желідегі оқырмандары оның жаңа бастамасын қолдамай жатқан көрінеді. Өнер иесі өзін мұндай форматта қабылдай алмай жатқандарға Instagram парақшасында үндеу жасады.

"Айта беремін! Қазір мені жек көрерсіздер, бірақ біраз уақыт өте келе мені жақсы көріп кетесіздер. Мен оған сенемін. Айтудан шаршамаған ауыз, айта түседі. Себебі әр қазағым өмірін түзеп, баспаналы болса екен, бай болса екен, Алланың берер ризығын қорқынышсыз алса екен деген ниетім бар. Жан дүниесі тыныш болса екен деген ниетімнің барын бір Алла біледі.
“Марафоншылдар” деген атқа да ие болдым. Атам айтқандай "ештеңе етпес". Өнерді бастағанда да мені бірден ешкім тыңдай салған жоқ қой. Бұл жолымды қабылдауларыңыз үшін де уақыт керек. Үйренерсіздер. Жаңа бағытымды қабылдай алмайтын жандарға арнайы тағы ескерту! Мені өшіре салыңыздаршы. Ал, мені қабылдаған жандарыма рақмет айтудан шаршамаймын. Мен сіздерді жақсы көремін", - деп жазды әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948945-indira-rasylxan-onerdi-bastaganda-meni-bari-birden-tyndai-salgan-zoq/

pixel