Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жайдарманшы Мереке Қалбаева екінші сәбиін дүниеге әкелді

Опубликовано:

Мереке Қалбаева мен Әрсен Акиев
Фото: Instagram/merekusha.k

Отандық танымал әзілкеш Мереке Қалбаева мен Әрсен Акиевтың екінші сәбиі дүниеге келді. Ерлі-зайыпты ұлды болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышыты жаңалықпен жас ата-ана Instagram желісінде бөліскен. Олар қалың көпшіліктен сүйінші сұрап, Абдул-азимнің дүниеге келгенін хабарлаған.

"Аллаға шүкір! Бүгін Абдул-Азим Арсенұлын үйге алып келдік! Қуанышымызды бөлісіп жатқан барлық жақын жандарыма үлкен-үлкен рахмет! Өздері келе алмаса да, шоқ гүлдерін беріп жіберген жақсы адамдарыма рахмет! Қуанып қалдым!", – деді Мереке.

Актриса жолдасы Әрсеннің өзі үшін барлығы жасайтынын айтып, мақтауын асырды. 

"Менің күйеуім мен үшін барлығын жасайды, шүкір. Барлық әйел қауымының ерлері солай болса екен деймін. Перзентханада жатып неше түрлі өмірлері бар әйелдерді көрдім, қиын, баланы көтеру қаншалықты қиын, өмірге алып келудің өзі бөлек әңгіме. Ал туған баланың дені сау болмауы – оны мүлдем айта алмаймын. Қаншама қиындықтан өтіп аман-есен үйіңе оралғанда, бала-шаға, ата-ене, күйеу тараптан қолдау болмаса, онда өлгенің ғой. Әйелдердің өмірінің қаншалықты қиын екенін тек әйелдер түсінеді", – деп жазды әзілкеш. 

Желі қолданушылары жұлдызды жұпты жарыса құттықтап, нәрестеге өз ақ тілектерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949030-zaidarmansy-mereke-qalbaeva-ekinsi-sabiin-duniege-akeldi/

pixel