Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілім: Өзім әкесіз өскендіктен, әрдайым ұлымның қасында болғым келеді

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім
Фото: Instagram/mussilim.: Instagram

Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім отбасылық өмірі туралы сыр шертті. Өнер иесі кішкентайынан әйелдердің ортасында өскендіктен, олардың қадірін жақсы түсінетінін айтты. Сол себепті, бүгінде ол келіншегіне барынша көмектесуге тырысып жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім өзі әкесіз өскендіктен әрдайым ұлының қасында болғысы келетінін алға тартты. Актер өзі көрмеген әрі сезіне алмаған нәрсені баласына бергісі келеді. Бұл туралы ол "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді.

"Өзім әкесіз өскендіктен, әкенің тәрбиесін көрмегендіктен, "әке" деген сөз мен үшін маңызды. Өзім көрмеген, сезіне алмаған нәрсенің бәрін ұлыма бергім келеді. Әрдайым қасында болғым келеді. Қолдау білдіріп, көрсетіп, қиын сәттерде қасында болғым келеді. Бәрі алда әлі. Ертең сәл өссін, жүрген соң, өзіммен бірге алып жүремін. Тауға, спортқа апарамын. Толыққанды өзім тәрбиелегім келеді", - деп ағынан жарылды актер.

Өнер иесі бүгінде бар бос уақытын отбасына арнайды. Ол келіншегіне бала қарасып, барынша көмектеседі. Сөзіне қарағанда, ұлының жөргегін де өзі ауыстырады екен. 

"Бәріне көмектесемін. Памперсін, киімін ауыстырамын. Тамағын беремін. Махаббат үлгермей жатқан жерде әрдайым көмектесуге тырысамын. Қазірден бастап балаға көңіл бөлсем, бала оны сезінеді деп ойлаймын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949034-tauekel-musilim-ozim-akesiz-oskendikten-ardaiym-ulymnyn-qasynda-bolgym-keledi/

pixel