"Қамаумен қорқыту керек": Саят Медеуов сапасыз ән жазған әншілерді жазалауды ұсынды

Опубликовано:

Саят Медеуов
Саят Медеуов. Кадр: YouTube/"Алматы" телеарнасы

Отандық әнші Саят Медеуовтің қазіргі әншілердің жазған әндерінің көбіне көңілі толмайды. Әншінің айтуынша, әндерді халыққа таратпас бұрын, оны сәйкесінше сүзгіден өткізетін орган қажет. Өнер иесі мәнсіз-мағынасыз ән жазған әншілерге айыппұл салу, тіпті қамауға алу секілді жазалау тәсілдерін қолдану қажет, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында айтты. Ол өнердің, оның ішінде ән өнерінің қазіргі беталысы туралы сөз қозғап, кей әндердің сөзіне өзінің наразылығын білдірді.

"Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқтың кері болып тұр. Әніне тиіспей ақ қояйын, бірақ қазақ сөзге мән беретін халықпыз ғой. Мәні-мағынасы жоқ әндер көбейіп кетті. YouTube-қа шығып кетеді, оларды қадағалай алмаймыз дейді ғой. Бірақ шын мәнінде шегелеуге, қадағалауға, шек қоюға болады. Егер менің бір әнім нашар шыққан болса, ал мемлекеттегі әдебиет саласында отырғандар оны екінші айтсаң, айыппұл саламыз деп талап қойса немесе жиырма күнге қамаласың десе, мен ол әнді екінші мәрте айтпаймын.

Әнге де сондай сүзгі қойылу керек. Түкке тұрмайтын сөзі, боқауызы бар әндер бар. Бірақ ондай әндерді кез келген жерде айта беруге болмайды. Оларды беру арқылы біз бүлдіршіндерді бұзумен келе жатырмыз деп ойлаймын. Мәдениет саласында үлкен сүзгі керек, елек керек, таяқ керек. Қамаумен немесе айыппұл төлету арқылы жөнге салу керек шығар", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949051-qamaumen-qorqytu-kerek-sayat-medeuov-sapasyz-an-zazgan-ansilerdi-zazalaudy-usyndy/

jitsu gif