Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық блогер Ельмира Төлегенова тағы да сәбилі болды (видео)

Опубликовано:

Ерболат пен Самал Жанабыловтар
Фото: Instagram/elt6i

Қазақстандық танымал блогер Елмира Төлегенова жолдасына тағы бір сәби сыйлады. Жұлдызды жұп үшінші мәрте ұлды болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ельмира Төлегенова бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен. Белгілі болғандай, блогер ару осыдан төрт күн босанған. Оның анасының өмірден өткеніне 40 күн толмағандықтан, сүйінші хабарды кешіктіріп жеткізуіне тура келген.

"25 желтоқсан күні анамның ортамыздан кеткеніне қырық күн болды. Менің ол жерде болмағаным өте өкінішті. Осы 40 күн ішінде мен екі құжат алдым. Біреуі адамның өлімі жайлы, екіншісі туу туралы куәлік.
Мен үшінші мәрте ана атандым. Бұл дегеніміз махаббат, бақыт пен жауапкершілікті үш есе сезіну дегенді білдіреді. Енді бұдан да ақылды әрі сабырлы болу керек деген сөз", - деп жазды ол.

Желі жұлдызының сөзінше, мұндай маңызды сәтте жолдасы Ерболат Жанабылов қасында бола алмаған. Ол жұмыстарымен басқа қалада жүрген. Алайда, Елмираға өзінің туған абысыны үлкен көмек көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949058-otandyq-bloger-elmira-tolegenova-tagy-da-balaly-boldy-video/

pixel