Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шамам жоқ": Ақбота Сейітмағамбет сырқаттанып қалғанын айтты

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет Түркиядағы демалысынан елге оралып, ауырып қалған. Өзін жайсыз сезінген өнер иесі дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болыпты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Ақботаның Instagram парақшасынан белгілі болды. Ол дәрі қабылдап жатқан жерінен сурет жариялап, ештеңеге шамасы жоқ екенін айтты.

"Үзіліс болсын. Бұйырса ораламын. Тіптен ештеңеге шамам жоқ" , – деп жазба қалдырды өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Сейітмағамбеттің Түркияға демалысқа кеткенін хабарлаған болатынбыз. Өнер иесі саяхатынан түрлі суреттер мен видеоларды бөліскен еді.

Оған қоса, жақында әнші өмірінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айтып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949077-samam-zoq-aqbota-seiitmagambet-syrqattanyp-qalganyn-aitty/

pixel