Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетінің әрі кетпеген": 92 жасқа толған Бибігүл Төлегенова сұлулығымен елді сүйсіндірді

Опубликовано:

Бибігүл Төлегенова. Фото
Бибігүл Төлегенова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/

Қазақ ән өнері өкілдері қатарында "сұлулық эталоны" саналатын Бибігүл Төлегенова 16 желтоқсан күні 92 жасқа толды. Даңқты әншіні өнердегі іні буын өкілдері арнайы құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Аңыз адам" саналатын Бибігүл Төлегенова биыл 92 жасқа толды. Оның туған күніне орай отандық телеарналардың бірі арнайы хабар түсіріп, онда әдемі естеліктер мен қызықты әңгімелер ел назарына ұсынылған. Бағдарламаға Төлегенованың өнердегі інілері мен сіңлілері де қатысып, оның жеке меншік мерекесіне ортақтасқан. Бұл туралы әнші Мәдина Сәдуақасова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Ардақты, аяулы, сүйікті Бибігүл Төлегенова апамыздың 92 жасқа толуына орай арнайы бағдарлама түсірілді. Бибігүл апамыздың ортасында екі сағаттың қалай өтіп кеткенін байқамадық. Әдемі естеліктер, архив видеолар, Бибігүл Ахметқызының қызық әңгімелері (есте сақтау қабілеті сұмдық екен. Болған оқиғаның қай жылы, айы, күнін шатаспай тура айтып бергенде бәріміз таңқалып отырдық.

Расында, құдай бір жанға қайталанбас бұлбұлдың үнін, ерекше дауыс, табиғи сұлулық, көркем мінез бен даналық бере қойған екен. Жүз жасаңыз, Бибігүл Ахметқызы. Сіздің жаныңызда отырудың өзі бір бақыт", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949088-betinin-ari-ketpegen-92-zasqa-tolgan-bibigul-tolegenova-sululygymen-eldi-suisindirdi/

pixel