Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соңғы туған күні": Желіде Қонаевтың алдында ән айтқан Роза Рымбаеваның видеосы жарияланды

Опубликовано:

Роза Рымбаева. Кадр
Роза Рымбаева. Кадр: YouTube/Kazakh song

Желіде Роза Рымбаеваның Дінмұхамед Қонаевтың алдында ән айтқан видеосы жария етілді. Видео авторларының айтуынша, бейнеролик Қонаевтың соңғы туған күнінде түсірілген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеода Роза Рымбаеваның әлдебір отырыс үстінде "Қайран жастық" әнін орындап жатқанын көруге болады. Ал кадр сыртындағы дауысқа сенсек, бұл Дінмұхамед Қонаевтың туған күнінен түсірілген бейнекөрініс.

Сонымен бірге, сюжет Дінмұхамед Қонаевтың соңғы туған күнінде, яғни 1992 жылдың 12 қаңтарында түсірілген болуы мүмкін.

Отырыста, сонымен бірге, отандық танымал журналист Рабиға Аманжоловаға ұқсас әйел де бой көрсеткен. Өзге қонақтардың есімі аталмаған.

Ал бөлмеде Қонаевтың жарымен түскен және де отбасылық суреттері ілініп тұр. Отырыс қонақтары Роза Рымбаеваның әсем даусына таңданып, онымен бірге қосылып ән айтуда.

Еске салсақ, Дінмұхамед Қонаев 1912 жылдың 12 қаңтарында бұрынғы Верный, қарізгі Алматы қаласында дүниеге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949131-songy-tugan-kuni-zelide-roza-rymbaevanyn-qonaevtyn-aldynda-an-aitqan-videosy-zariyalandy/

pixel