Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүлдем басқаша": Атышулы Байзакова балалар туралы жобада бой көрсетіп, елді таңғалдырды

Опубликовано:

Айжан Байзакова
Айжан Байзакова. Кадр: YouTube/Super Bala Show

Отандық танымал блогер, ашық-шашық киімімен ел аузынан түспейтін атышулы Айжан Байзакова елге жаңа қырынан танылып, таңғалдыруда. Бұл жолы ол дарынды балалар туралы жобада бой көрсетті. Айжанды мұндай образда көрген желі қолданушылары таңғалысын жасырар емес, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айжан Байзакованың фанаттары енді оны мүлдем жаңа образда көріп, таңғалуда. Ашық-шашық киімімен, еркін жұрыс-тұрысымен елге танымал болған блогер бұл жолы дарынды балалардың абыройын асқақтатуға үлесін қоспақшы. Ол елдегі ерекше әрі дарынды балалар туралы "Super Bala show" деп аталатын жаңа жобада жүргізуші ретінде бой көрсетуде.

Бір қызығы, Айжанды жақсы көретін желі қолданушылары оның мұндай өзгерісіне жылы лебізін білдіріп, қуаныштарын жасырмады.

"Мәссаған, Айжан тіпті салмақты болып отыр ғой?", "Айжан, осындай қалпыңда жүрген саған жарасады", "Кез келген жобаның реңін ашады", "Шыны керек, Айжан үшін қарадым", "Байзакова мұнда мүлдем басқаша болып отыр, қызық", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949185-muldem-basqasa-atysuly-baizakova-balalar-turaly-zobada-boi-korsetip-eldi-tangaldyrdy/

pixel