Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ирина Қайратовна" мүшесі: Қазақтың рухын көтеру үшін шындықты әдемі түсіріп беру керек екен

Опубликовано:

Алдиря Жапарханов
Фото: Instagram/menenbarisuraid1

Жақында желіде жарық көрген "Отыздан асып барамын" фильмі бірден көрермен жүрегін жаулап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Аталмыш фильмде басты рөлдердің бірін сомдаған актер әрі "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Алдияр Жапарханов туындыға қатысты өз ойын айтты. Ол халықтың рухын көтеру үшін шындықты түсіру жеткілікті екенін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алдияр Жапарханов желіні жарған фильмге қатысты өз пікірін Instagram парақшасында жеткізген.

"Барлықтарыңызға рахмет, бірақ бір байқағаным, қазақтың рухын көтеру үшін, әшейін ғана шыңдықты әдемі түсіріп беру керек екен. Біздің Қуаныш гений екені сөзсіз. Бүкіл командаға да рахмет, естеріңізде болсын, ИК деген енді 6 бала емес, көмектескен жұрттың барлығы. Тәуелсіздік деген аманат, біз – келесі толқын жастары оны толықтай түсінуіміз керек", – деп жазды ол.

Айта кетейік, "Отыздан асып барамын" атты фильмге қатысты өз наразылығын Мақпал Жүнісова білдірген еді. Ол кинода өзін көрсеткен түсіруші топтың алдынан өтпей, оның рұқсатын алмағынан шүйліккен болатын.

Одан кейін, фильмде Жүнісованың рөлін сомдап шыққан актриса желіде одан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949312-irina-qairatovna-musesi-qazaqtyn-ruxyn-koteru-usin-syndyqty-ademi-tusirip-beru-kerek-eken/

pixel