Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алдыма тұрып алып, жүргізбей қояды": Ерке Есмахан өзімен танысқысы келетін жігіттер жайлы айтты

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан жолда кетіп бара жатқанда өзімен танысқысы келетін жігіттер жайлы айтып берді. Әншінің сөзінше, алғашқы көлігі тәртіп сақшыларының құрығына жиі түсіп тұрған. Ал ережені бұзған жағдайда танымалдылығын пайдаланатынын мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Ерке отандық кәсіпкер Талғат Итаевқа берген сұхбатында баяндады. Өнер иесінің алғаш тізгіндеген көлігі Lexus RX-330 болған. 

"Оған дейін ағамның Toyota Prada-сын айдап жүрдім. Кейін "Лексус" болмаса керек емес, жаяу жүре берейін дедім. Үйдегілер амал жоқ, алып беруге мәжбүр болды", – деп күлді Ерке.

Әнші өзін жақсы жүргізуші санайды. Сөзінше, көлікті ұқыпты жүргізеді. Жол апатына түскен кезі болмаған. Ал тәртіп сақшылары көбіне тек құжаттарын тексеруге тоқтатады екен.

"Барлық құпияны айта алмаймын. Әрине, тоқтатады. Кей кезде жол ережелерін бұзуым мүмкін. Көбінесе менімен амандасуға, суретке түсуге, құжатты тексеруге тоқтатуы мүмкін. Былайша Алматыда бәрі менің көлігімді біледі, қол бұлғап өтіп кете беремін. Өйткені менде құжаттар, бәрі дұрыс. Тек сөйлесуге тоқтатады", – дейді Ерке.

Әнші жолда бөтен адамдармен танысқан кезі болғанын мойындады. Әсіресе, Еркеге ғашық жігіттер жол бермей, оның мазасын алады екен. 

"Көңіл-күйім күшті болса, танысып, араласуым мүмкін. Танысқысы келетіндер өте көп. Бәрімен қалай танысамын? Алдыма тұрып алып, жүргізбей қойған жігіттер көп болды", – деді Есмахан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949316-aldyma-turyp-alyp-zurgizbei-qoyady-erke-esmaxan-ozimen-zolda-tanysqysy-keletin-zigitter-zaily-aitty/

pixel