Ләйлә Сұлтанқызы: Шектеулерді ысырып, өзіміз қалағандай өмір сүру - ұят емес

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қоғамды қызу талқыланатын "ұят" мәселесін көтерді. Ақпарат өкілі шектеулерді ысырып қойып, әркім өзі қалағандай өмір сүргені ұят емес деп есептейді.

Ләйлә Сұлтанқызы өз ой-толғауымен Instagram парақшасында бөліскен. Ол бұл тұрғыда өз аудиториясының пікірін де білгісі келді.

Тележүргізуші көпшіліктен "ұят" дегенді кім қалай түсінетінін сұрады.

"Ұят - ұят емес. Ұрпағын “ұят болады”-деген сөздермен тәрбиелеген халқымыздың ұят туралы түсінігі тым тереңде. Дегенмен, түрлі шектеулерді ысырып қойып, өзіміз қалағанымыздай өмір сүру - ҰЯТ ЕМЕС. Жақында ғана қандай іс-әрекет ұят, қандай іс-әрекет ұят емес тақырыбында өз ойыммен бөлістім. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар не ұят, не ұят емес? Мысалы: келін енесі мен күйеуінің ренжіте беретінін анасына айтса ұят па? Келін көтере алмау себебін енесімен талқыламаса ұят па? Жігіт келіншегінің мінезін анасына айту арқылы дұрыстағысы келсе ұят па? Келін ата-енесінің алдында шалбармен жүрсе ұят па? Тапқан ақшасын ешкімге бергісі келмейтінін айту ұят па? Бұл жәй мысалдар ғой, енді сіз жалғастырыңыз", - деп жазған Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949376-laila-sultanqyzy-sekteulerdi-ysyryp-ozimiz-qalagandai-omir-suru-uyat-emes/