Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік "Голос" шоуының финалына өткен Әлішер Каримов пен Ернар Садырбаев жеңіске жете алмады

Опубликовано:

Александр Волкодав
Александр Волкодав. Видеодан кадр: YouTube / Голос/The Voice Russia

Мәскеуде "Голос" шоуының 10-маусымы аяқталды. Сайыс финалына қазақстандық әншілер Әлішер Каримов пен Ернар Садырбаев өткен болатын. Алайда жеңіс Қырғызстан өкілі Александр Волкодавқа бұйырды.

Шоудың финалдық бәсекесінің толық нұсқасы "Первый каналдың" ресми сайтында жарияланды.

Әлішер Каримов Александр Градскийдің командасы атынан өнер көрсетсе, Ернар Садырбаевтың тәлімгері Дима Билан болды.

Сонымен бірге, шоудың финалына Пелагеяның командасынан қырғызстандық Александр Волкодав пен Леонид Агутиннің тобынан Элина Пан өткен болатын.

Ең алдымен қатысушылар тәлімгерлерімен бірге ән шырқады. Одан кейін финалистер жеке-дара өнер көрсетті.

Дауыс беру нәтижесінде көрермендердің 53,3 пайыз дауысын жинаған Қырғызстан өкілі Александр Волкодав жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949443-reseilik-golos-souynyn-finalyna-otken-aliser-karimov-pen-ernar-sadyrbaev-zeniske-zete-almady/

pixel