Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқушы кезінен ТМД елдеріне танылған қазақстандық тик-токерлер кімдер

Опубликовано:

Yolohouse өкілдері
Yolohouse өкілдері. Кадр: YouTube/Қызық Live

Yolohouse атауымен танылған отандық тик-токерлердің бүгінде әлем бойынша 23 млн-нан астам жазылушысы бар. Олар аз уақыттың ішінде ТМД елдеріне әйгіленіп, бүгінде TikTok желісіндегі әр ролигі миллионға жуық қаралым жинайды. Бір қызығы, олардың барлығы мектепті жаңа бітірген түлектер. Ал танымалдылыққа оқушы кезінде-ақ жетіп үлгерген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы олар "Қызық Life" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Қазақстандық TikTok-хаус YOLO House бүгінде әлемдегі ең танымал "отбасылық" блогерлер саналады. Бұған дейін 19 млн-нан астам жазылушысы бар Hype House әлемде көш бастап тұрған. Алайда, бір жыл бұрын ғана TikTok-қа тіркелген жастар ондаған миллион жазылушы жинап үлгерген.

"Біз TikTok-хаустардың атасы саналатын The Hype House ұжымын басып озып, осы категория бойынша әлемде бірінші орынға шығатын топ жасақтай алдық. Бұл командалық жұмыс", - дейді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949507-oqusy-kezinen-tmd-elderine-tanylgan-qazaqstandyq-tik-tokerler-kimder/

pixel