"Күшіміз бірлікте": Отандық өнер жұлдыздары Тоқаевқа қолдау білдірді
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал жұлдыздар елімізде орын алған жағдайдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдаған шешімдеріне қатысты өз пікірлерін бөлісті. Өнер иелері мемлекет басшысының кешегі жолдауын тыңдап, оған қолдау білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мадина Сәдуақасова Instagram желісінде президентке жазба арнап, оған өз алғысын жеткізді.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіздің жолдауыңызды басынан аяғына дейін тыңдап бір ризашылығымды білдіргім келіп тұр! Мемлекетіміздегі барлық ахауларға назар аударып (жемқорлық , жұмыссыздық, қымбатшылық) соларды жоюға бағыт алғаныңызға, Қазақстандықтардың , халықтың мазалаған басты мәселелеріне тоқтап, жақсы жағына, халыққа тиімді жағына өзгеріс жасауға бастамаларыңызға Алла жар болсын! Қиын күндеріміз артта қалып, халқымыздың әл- ауқаты жақсарып, тәуелсіз елімізді сырты- ішкі жаудан сақтап, тыныш, берекелі, мерекелі, бейбіт Қазақстанда өмір сүрейік", - деп жазды әнші.
Ләйлә Сұлтанқызы үкіметтен президент тапсырмаларының орындалуын мәдени формада талап ету керектігін айтты.
"Заман бұрынғыдай болмайды. Еңбектену керек, білімді болу керек! Масыл болуға болмайды! Ел болып, Тоқаев берген тапсырмасын үкіметтің орындағанын талап етуіміз керек. Мәдени формада. Қан-төгіссіз. Айғай-шусыз. Бейбіт өмірдің қадірін түсіндік қой", - деп жазды тележүргізуші.
Айгүл Иманбаева елде орын алған жағдайға қатысы бар лаңкестерге президент жазасын береді деп сенім білдірді.
"Отан қорғау жолында терористердің қолынан қаза тапқан барша бауырларымыздың отбастарына қайғырып көңіл айтамын. Дәл қазір бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа қолдау көрсетейік. Ертеңгі президентіміздің сөз сөйлеуінде, жақсы жаңалықтар болады деп сенеміз. Жаңа үкіметтің құрамында рухты, елін-жерін ойлайтын, білімді, парасатты жастарды көргіміз келеді. Ал мына болған жағдайға қатысы бар ланкестердің, сатқындардың президент жазасын береді деп сенемін. Еліміз аман болсыншы", - деп жазды Иманбаева.
Алтынай Жорабаева да Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетті.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы, Алла сізге жар болсын. Тәуелсіз Қазақстанымыздың беделі, тұғыры биік болсын. Қазақстанның көркеюне, алға қарай гүлденуіне Қазақстан азаматы борыштар. Керемет кезеңге аяқ басу үшін осындай бір сәттен өту керек болған шығар. Әр нәрсенің қайыры бар", - деп жазды өнер иесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1950753-kusimiz-birlikte-otandyq-oner-zuldyzdary-toqaevqa-qoldau-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.