Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарып жібере ме деп қорықтым": Бұзақылар басып алған ұшақта қалып қойған Назима басынан кешкенін айтты

Жарияланған күні:

Назима
Назима Жәнібекова. Фото: instagram.com/13nazima/

Отандық әнші Назима Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде басынан кешкенін баяндады. Айтуынша, 15 сағат бойы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ ішінде отырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Назима Жәнібекова болған жайт туралы өзінің Instagram желісінде жазды.

"Мен әуежайды басып алған кезде ұшып-қону жолағында тұрған ұшақтардың бірінде болдым. 5 қаңтар күні Алматыда менің концертім болатын болған. Бір тәулік бұрын ертерек келдім. Барлығы тыныш болатын. Мен дүкендерді аралап, сыйлықтар сатып алдым. Қонақүйге келген кезде жарылыстар басталды", - дейді жұлдыз.

Назиманың айтуынша, ол сол түні ұйықтамай шыққан.

"Интернетті өшіріп тастады. Бірақ концерттік директор концерт болмайды деп жазып үлгерді. Тезірек ұшып кету үшін Мәскеуге билеттер іздей бастадым. Алдын ала төрт сағат бұрын әуежайға келіп алдым. Ішкі рейстерді бірден тоқтатыпты. Халықаралық рейстердің жолаушылары ұшаққа отырғызуды күтіп отырды. Басып алушылар келе жатқанын көргенде мен гейтке кіріп үлгердім. Ұшақтың есігін бірден жапты. Ұшып кетеміз деп үміттеніп едік, ұшқыш әуежайды басып алғанын, диспетчерлермен байланыс үзілгенін хабарлады. Бұл кезде 15-ақ минут өткен еді. Артынша әуежайдың сау-тамтығы қалмағанын естідік. Ішінде адам отырғанын көрінбес үшін иллюминаторлардың перделерін жауып қойдық", - деді Наzима.

Интернеттің жоқтығынан борттағылар ешкіммен байланыса алмай, тіптен не болмағанын түсінбей отырған.

"Бізді жарып жібере ме деп қорықтық. Ұшақ маңында көліктер жүргенін, онда әуежай қызметкерлері емес, басып алғандар екенін біліп отырдық. Бойымды үрей басты, мен ешқашан ұшудан қорықпайтын едім. Бірақ жабық кеңістікте отырғанымызды, одан шығу мүмкін емес екенін көзіме елестетіп қатты қорықтым. Мен дұға етіп, тезірек барлығы аяқталса екен деп тіледім. Ұшақта біз 15 сағат бойы отырдық. Кейін бізді қауіпсіз жерге көшіріп, мен ағама бардым", - деді ол.

Әншінің айтуынша, аталған жайт 6 қаңтарда орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1950782-zaryp-zibere-me-dep-qoryqtym-buzaqylar-basyp-algan-usaqta-qalyp-qoigan-nazima-basynan-keskenin-aitty/