Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген пандемиядан кейінгі алғашқы концертін Дубайда өткізеді

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: Vyacheslav Prokofyev\TASS via Getty Images

2022 жылдың 25 наурызында Димаш Құдайберген екі жыл бойы жалғасып келе жатқан әлемдік пандемиядан кейінгі алғашқы жеке концертін береді. Ауқымды және көптен күткен шоу Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтеді.

Концерт әртіс үшін де, оның шығармашылығының жанкүйерлері үшін де ең жарқын және ұмытылмас оқиғалардың бірі болады.

Dimashnews.com сайтының дерегіне сүйенсек, шоу Таяу Шығыстағы ең үлкен кондиционерленген арена – Coca Cola Arena-да өтеді. Ол ірі халықаралық әртістерді қабылдай алады, сондай-ақ түрлі спорттық іс-шаралардың толық спектрін өткізуге мүмкіндігі бар.

Coca-Cola Arena Дубайдың жүрегі – City Walk ауданында орналасқан.

Dimash In Dubai концерті барлық карантиндік шараларды сақтай отырып өткізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1950848-dimas-qudaibergen-pandemiyadan-keiingi-algasqy-koncertin-dubaida-otkizedi/

pixel