"Қос анам": Алтынай Жорабаева алғаш рет енесін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева желіде қос анасымен түскен суретін жариялап, елді тәнті етті. Өнер иесі қалың көпшілікке алғаш рет өз енесін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алтынай Жорабаева екі анасымен түскен фотосымен Instagram парақшасында бөлісті.
"Қос анам. Аналарымыз аман болсын", - деп жазды әртіс.
Желі қолданушылары әнші жүктеген фотоға тәнті болып, қос құдағидің өзара қатты ұқсайтынын жарыса жазды.
"Анашың ғасырдың жүзін көрсін", "Қандай бақыттысыз, Алтынай ханым!", "Қос құдағи бір-бірінен аумай қалған. Бір адам секілді. Қайта-қайта қарап ажырата алмай қалдым ғой", "Қандай кереметсің, Алтынай! Қос анаңыз 100 жасасын!", "Қос анаңыз апалы-сіңлідей бір-біріне қатты ұқсайды екен" деп жазуда желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1950856-qos-anam-altynai-zorabaeva-algas-ret-enesin-korsetti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.