RU

Ақбота Керімбекова: Ұлым әскерге аттанып, елдегі жағдайды тұрақтандыруға атсалысуда

Ақбота Керімбекова
Фото: Instagram/botakerim

Қазақстандық танымал әнші Ақбота Керімбекова барша отандастарына үндеу жасап, олардан кемел келешек үшін күш-жігерін аямауды сұрады. Белгілі болғандай, елдегі тәртіпсіздіктер кезінде өнер иесінің туған ұлы да халықты қорғауға шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова Instagram парақшасында аса әсерлі жазба жариялап, қазақстандықтарды жігерлендірді.

Сондай-ақ әнші мемлекеттегі жағдайды тұрақтандыруға өз баласы да барынша атсалысып жатқанын айтты.

"Елімнің ертеңі мен үшін де маңызды! Менің де ұлым азаматтық борышын өтеу үшін әскерге аттанып, елдегі жағдайды тұрақтандыруға атсалысуда! Қадірлі жерлестер, менде де, Сіздерде де Отан жалғыз! Сол Отанымыздың тыныштығы мен бейбітшілігі - баршамызға ортақ құндылық! Ендеше, кемел келешек үшін күш - жігерімізді аямайық, себебі, күшіміз бірлікте", - деп жазды Керімбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1950881-aqbota-kerimbekova-ulym-askerge-attanyp-eldegi-zagdaidy-turaqtandyruga-atsalysuda/