"Күніміз апамыздың батасынан басталады": Өз әулетін көрсеткен Сәдуақасоваға ел тәнті болды (фото)
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова өзінің әулетін көрсетіп, елдің ыстық ықыласына бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесі өзінің үлкен отбасын Instagram парақшасында көрсетті. Алайда, әншінің сөзінше, фотоға әулетінің барлық мүшелері түспеген. Соның өзінде жұлдызды жанұяда адам аса көп екенін аңғаруға болады.
"Сәдуақасовтар әулеті. Суретте барлығы емес, ер кісілердің көбісі далаға шығып кеткен, суретке түсе алмай қалды. Әкем зейнеттегі теміржолшы, анам, апаларым, келінім, ұстаздар, мұғалімдер. "Жақындарым" деп аталатын чатымыз бар. Күніміз сол чаттағы апаларымыздың батасынан басталады. "Жүректеріңде иман, жылылық, мейірімділік болсын" деген сөздермен аяқталады. Әжем кезінде көп айтатын "Бір де бір адам баласының көңілін қалдырма, ауыр тиетін сөз айтпа, ренжітпе. Жолың жабылып қалады деп қорқытып қоятын.
Дәл қазіргі жағдайда, сырттан кірген жауымыз кім екенін білмей тұрғанымыз, кейбір отбасылар зар жылап, жақындарын жерлеп жатқанда, еліміздің тас- талқаны шығып жатқанда ең болмаса бір бірімізге жұбату, қолдау, жылы сөздер айтсақ. Ал, әрі қарай не болатынына тек сеніммен және үмітпен қарайық", - деді Мадина.
Желі қолданушылары жұлдызды әулеттің өзара ұйымшылдығына тәнті болып, оларға жылы лебіздерін жаудырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1950917-kunimiz-apamyzdyn-batasynan-bastalady-oz-auletin-korsetken-saduaqasovaga-el-tanti-boldy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.