Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көз жасымды тыя алмадым": Салтанат Бақаева Алматыдағы жағдайдан кейін әсерімен бөлісті

Жарияланған күні:

Салтанат Бақаева
Салтанат Бақаева. Фото: instagram.com/saltanat_bakayeva/

Оңтүстік астананың қирауы қала тұрғындарына аса ауыр тигені анық. Аяғы ауыр Салтанат Бақаева үшін де Алматының осындай күйге түскенін қабылдау оңайға соқпаған. Актриса сүйікті қаласының көшелерін аралап, көз жасын тыя алмағанын айтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Бақаева Instagram парақшасында жатебірентерлік жазба жариялап, Алматы үшін өз өкінішін жеткізді.

"Біреулердің “билік ойынында” халықтың және сүйікті қаламыз Алматының жапа шеккені өте өкінішті! Мен Талғар қаласында дүниеге келдім, бірақ 5 жасымнан бері осында тұрамын және өмірімдегі барлық маңызды оқиғалар осында өтіп жатыр.Осы қалада мектепке ең алғаш қадам бастым,өнер академиясын бітіріп сосын махаббатымды кездестіріп, отбасымды құрдым.Және жолдасымыз екеуміз ата-ана болу бақытын дәл осы қалада сезіндік!

Мен Алматымды қатты жақсы көремін! Ал бүгін бірнеше көшелерді аралап,болған сұмдықтың бәрін өз көзіммен көрген соң, көз жасымды тыя алмадым. Бір-неше күн ұялаған қорқыныш одан бетер өрши түсті! "Бейбіт елде өмір сүру" деген сөздер мен үшін шынайы мағынасын тапқандай болды. Ең қорқынышты күндері балалар да бәрін түсініп, үйді күзетіп, бізбен бірге ұйқтамауға тырысты!

Әрине,балаларды қорқытқымыз келмеді, бірақ өздері де бәрін түсініп отырды. 7 -ші ауруханадағы бұзақылар бізге де жете ме деген қорқыныш тек бізде ғана емес көршілерімізде де болды! Мен енді ғана есімді жиғандаймын. Президентіміздің үндеуін тыңдаған соң мен де оған зор сеніммен қараймын! Балаларымның болашағы жарқын болатытына сенгім келеді! Күшіміз бірлікте екенін ұмытпайық ағайын", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1950947-koz-zasymdy-tyya-almadym-saltanat-baqaeva-almatydagy-zagdaidan-keiin-aserimen-bolisti/