Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізді шығармай қойды": Әнші Say Mo лаңкестердің қолына түсіп қала жаздаған

Опубликовано:

Say Mo
Say Mo. Фото: instagram.com/say_mo__

Қалың көпшілікке Say Mo лақап атымен танылған әнші елімізге шабуыл жасаған лаңкестердің қолына түсіп қала жаздаған. Өнер иесі анасымен бірге Мәскеуге ұшпақ болған кезде, содырлар әуежайды басып алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Say Mo басынан өткен ауыр жағдаймен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. 14 сағат бойы ұшақта отырған шоу-бизнес жұлдызы өмірі үшін қатты қорыққанын айтты.

"Әуежайға шабуыл жасалған уақытта анаммен Мәскеуге жол тартқалы жатқан едік. Бірақ Құдайдың жоспары басқаша болды. Әйтеуір ұшаққа кіріп үлгердік. Әрине ұшақта отырып, террористердің келгенін естіген кезде қатты шошыдық. Дегенмен, сол сәтте ең қауіпсіз жер сол болды. Ұшақ ішінде кешкі 20:00-ден таңғы 10:00-ге дейін отырдық. 14 сағат салқын жерде отырып, қатты ауырып қалғаным болмаса, құдайға шүкір, аман-есенбіз. Анам екеуміз қазір қауіпсіз жердеміз ", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін отандық әнші Назима Жәнібекова да ұшақта лаңкестерден 15 сағат бойы жасырынып отырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1950955-bizdi-sygarmai-qoidy-ansi-say-mo-lankesterdin-qolyna-tusip-qala-zazdagan/

pixel