57 жасқа толған Мақпал Жүнісова туған күнін қалай атап өтті (видео)
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының дүлділі Мақпал Жүнісова 11 қаңтар күні 57 жасқа толды. Өнер иесі елде орын алған жағдайға байланысты туған күнін ауқымды етіп тойламай, тек ет-жақындарының арасында атап өткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мақпал Жүнісова жаңа жасын қалай қарсы алғанын өзінің Instagram парақшасында көрсетті. Эстрада жұлдызы желіде туған күн кешіндегі видеоларын бөлісті.
Онда әншіні жақындары қалай құттықтағанын көруге болады.
Жүнісова қызы Мерей екеуі дастархан жайып, қадірлі қонақтарын өз үйінде күткен.
Өнер иесін жаңа жасымен құттықтап келген туыстары оны гүл шоқтарымен көмкерген.
Желі қолданушылары сүйікті әншілеріне өз ақ тілектерін жолдап жатты.
"Жаңа жасыңыз құтты болсын. Көп жасаңыз", "Ортамызда осылай ойнап-күліп жүре беріңіз. Өнеріңізбен қуанта беріңіз", "Сізді қазақ халқы ерекше жақсы көреді", "Бақытты болыңыз Мақпал ханым. Сіз өте мықты әйелсіз", "Қызыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951006-maqpal-zunisova-tugan-kunin-qalai-atap-otti-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.