Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұдырық үстіне жұдырық болды: Ләйлә Сұлтанқызы қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы елімізде орын алған қайғылы жайттардан кейін коронавирусқа қатысты жағдайдың ушығып кеткенін айтты. Ақпарат өкілі барша отандастарына үндеу жасап, оларға жаңа штамның қаншалықты қауіпті екенін түсіндіруге тырысты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызы өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Жұдырық үстіне жұдырық болды-ау. Қазір екінің бірі ауырып жатыр. Тамақ, температура, бас. Күніне 40 мың адамға дейін ауырып (тіркеліп, тіркелмейтіні қанша), койкалар жетпеуі мүмкін деп дәрігерлер дабыл қағуда. Барлық жерде ПЦР өткізеді, өткізу орталығы бар деп айта алмаймын. Үйде жәй тұмау деп емделіп жатқаны қаншама. Кешенің өзінде 3-4 дәріханаға кірдім, ұзынсонар кезек. Бәрінің алып жатқаны вирусқа қарсы, жөтелге қарсы, суыққа қарсы дәрілер. Тыныс алудағы жиілікті санап жүріңіздер! Сол өте маңызды", - деп жазды тележүргізуші.

Ақпарат өкілі отандастрынан барынша сақтанып жүруін сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951098-zudyryq-ustine-zudyryq-boldy-laila-sultanqyzy-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel