Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Хабар» агенттігі түсірген фильм халықаралық кинофестивальдің жеңімпазы атанды

Опубликовано:

Полигон
Фото: "Хабар" телеарнасы

Семей ядролық полигоны туралы тарихи телехикая «Moscow Russia International Film Festival 2022» халықаралық кинофестивалінің «Үздік телевизиялық мини-сериал» номинациясының жеңімпазы атанды.

«Полигон» фильмін қазақстандық кинорежиссер Ахат Ибраев түсірді. Саяси детектив Семей ядролық полигонының жабылу тарихы туралы баяндайды. Телехикая ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңында орын алған оқиғаларды сипаттайды.

Алты бөлімнен тұратын «Полигон» телехикаясын «Хабар» телеарнасы 2020 жылдың желтоқсан айында көрермен назарына ұсынған болатын.

«Бұл жеңіс - «Полигон» фильмінің маңызды екені халықаралық деңгейде мойындалды деген сөз», - деді «Хабар» телеарнасының бағдарламалық директоры Інжу Қабылдина.
Полигон
Фото: "Хабар" телеарнасы

Сериалдың басты рөлдерінде Азамат Сатыбалды, Ерлан Біләл, Жандарбек Садырбаев, Сергей Матвеев, Денис Анников сынды танымал актерлер өнер көрсетті.

Халықаралық байқауға барлығы 23 номинация бойынша кинотуындылар қабылданды. «Moscow Russia International Film Festival 2022» халықаралық кинофестивалінің төрешілері командасына Ресей, Германия, Канада, Австрия, Испания, Мексика, Швеция және Грецияның кәсіби кинематографистері енді.

Кино саласының мамандары барлық ұсынылған фильмдерді жоғары бағалады. Ең көп ұпай жинаған фильмдер ресми конкурсқа қатысу үшін іріктеуден өтіп, қазылар алқасы әр номинацияның үздік фильмдерін анықтады.

Телехикаяның барлық бөлімдерін келесі сілтеме бойынша көруіңізге болады:

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951236-xabar-agenttigi-tusirgen-film-xalyqaralyq-kinofestivaldin-zenimpazy-atandy/

pixel