Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілім алғаш рет ұлын қалың көпшілікке көрсетті (фото)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім отбасымен
Фото: Instagram/mahonti__

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім алғаш рет қалың көпшілікке ұлын көрсетті. Өнер иесі бұған дейін баласының түрін жасырып келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім Instagram парақшасында ерекше отбасылық суретімен бөлісіп, жанкүйерлерін қуантты. Шоу-бизнес жұлдызы оларға алғаш рет ұлы Айтөренің түрі қандай екенін көрсеткен.

Өнер иесі баласының бір жасқа толуына орай оны халықпен таныстыруды жөн көрген.

"Аллаға шүкір! Айтөрешіміздің 1 жасын тойладық. Ұлым, Алла қаласа үлкен азамат бол. Әжең, анаң және мен сенің мықты азамат болуына барымызды саламыз. Әр отбасы жеке мемлекет екенін ұмытпаңыздар. Үйдегі балаларымызға дұрыс тәрбие берейік. Ертең еліне, қоғамға пайдасын тигізетіндей. Иманды, ұлтжанды ұрпақтарымыз көп болсын", - деп жазды актер.

Желі қолданушылары Тәуекел мен Махаббаттың баласын қызу талқылап, оның кімге көбірек ұқсайтынына қатысты пікірталас ұйымдастырды. Олардың басым көпшілігі Айтөренің әкесінен айнымай қалғанын жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951483-tauekel-musilim-algas-ret-ulyn-qalyn-kopsilikke-korsetti-foto/

pixel