"Алла сәтін салса қауышамыз": Индира Расылхан өзге елде қалған балаларына сағынышын жеткізді

Опубликовано:

Индира Расылхан
Фото: Instagram/indirarasylkhan

Отандық танымал әнші Индира Расылхан мемлекеттегі тәртіпсіздіктер салдарынан әлі балаларын көре алмай жатқанын айтты. Өнер иесінің перзенттері елде орын алған жайттарға байланысты елге орала алмай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Индира Расылхан 20 күндей балаларымен қауыша алмай жүргенін алға тартты. Перзенттерінен жырақта жүрген жұлдызды ана Instagram парақшасында оларға жазба арнаған. Әнші балапандарын қатты сағынғанын айтып, олармен кездесетін сәтті асыға күтіп жүргенін айтты.

"Отбасымнан жырақта,екі бөлек мемлекетте,бұл күндер мен үшін өте ойланарлықтай болды. Қанша жақтан өзінді тежесеңде сағыныштың буы,сазы деген жарып өтеді екенғой кәдімгідей. Құлыншақтарымды қатты сағындым шіркін-ай. Алла сәтін салса бүгін қауышамыз. Менің күтіңдер. Ананың балаға деген махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екен ғой. Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз екен", - деп жазды Индира Расылхан.

Айта кетейік, бұған дейін Индира Расылханның балаларына жете алмай жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951487-alla-satin-salsa-qauysamyz-indira-rasylxan-ozge-elde-qalgan-balalaryna-sagynysyn-zetkizdi/