Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тонаушыны ақтап алуды қою керек": Ләйлә Сұлтанқызы желіде талқыға түскен сурет туралы айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде қызу талқыланған аяқ киімге қатысты пікір білдірді. Бұған дейін Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде ескі кроссовкиін шешіп, жаңа етік кииіп кеткен тонаушыны көпшілік ақтап алуға тырысқан еді. Тележүргізуші мұндай қылмысты ақтауды доғару керек екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырған фотоға қатысты пікірін Instagram парақшасында жеткізген.

"Хит болған кроссовки-ай. Тым романтик емеспіз бе? Тәртіпсіздік кезінде дүкен тонаған адамның қалып кеткен кроссовкиін бәрі талқылап жатыр. Әсіресе фейсбукте. Шынымен, жандарыңыз ашып отыр ма? Сол тонаушы қазір өз халқынан тонаған жаңа аяқкиіммен жүр деп те ойлап көрейікші. Бұл бейбіт митинг емес екеніне көзіміз жетті ғой. Бірақ әлі де осы кроссовкиге қарап, тебіреніп жатқандар бар екен.

Мен бүлік кезінде қол-аяғы кеміс бір адамды көрмедім. Он екі мүшесі сау бола отырып, қазіргі ер адамдар өзіне бір қыстық аяқкиім сатып ала алмайды дегенге сенбеймін. Мұны романтизациялап қажеті жоқ. Бұл спорттық аяқ киім тез қозғалу үшін, қашу үшін арнайы киілген. Жақтап, аяп отырғандарға айтарым, сіздің, мына сіздің жеке затыңызды тонаушы ұрлап кетсе де аяп отыра бересіз бе?

Ешкім де өз заты тоналса, кешірмейді. Ол бірден полицияға арызданады. Сол дүкен иесі де қарапайым халық қой. «Ит ашуын тырнадан алса», бұл әділдік емес.Тонаушыны ақтап алуды қою керек. Қылмыс бар жерде кешірім, мейірім, жағдай солай деген болмайды. Жемқорлықсыз, өтіріксіз жаңа Қазақстанды өзімізден бастасақ қалай қарайсыздар?", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951515-tonausyny-aqtap-aludy-qoyu-kerek-laila-sultanqyzy-zelide-talqyga-tusken-suret-turaly-aitty/

pixel