Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Еспанов Алматы әкімдігіндегі жұмысшыларға тегін тамақ таратты

Опубликовано:

Нұрлан Еспанов жұмысшыларға тамақ таратты
Видеодан кадр: Instagram/espanov_n

Отандық танымал әнші Нұрлан Еспанов пен блогер Елдос Қадірханов Алматы әкімдігін қалыпқа келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларға ыстық тамақ таратты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы жұлдыздардың Instagram парақшаларынан белгілі болды. Еспанов жұмысшыларға тегін тамақ таратып жатқан сәтінен видео жариялады.

"Бүгін Елдос інімнің қолдауымен осындай игі істің куәсі болдық. Әкімдікті жөндеп жатқан жұмысшыларға ыстық тамақтарды Алла разылығы үшін таратқан жайымыз бар. Осындай қиын қыстау уақытта бір болайық,бар болайық мұсылман бауырлар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деп жазды әнші.

Бейнежазбада жұмысшылардың Еспанов пен Қадірхановқа алғыс білдіріп жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары өнер жұлдыздарының игі ісіне тәнті болып, оларға жылы лебіздерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951557-nurlan-espanov-almaty-akimdigindegi-zumyssylarga-tegin-tamaq-taratty-video/

pixel