Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің қалыптасуымдағы діңгексің": Тамара Асар ұлын туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Тамара Асар ұлымен
Фото: Instagram/tamara_assar_official

Отандық танымал әнші Тамара Асар ұлы Қамбарды жаңа жасымен құттықтап, аналық тілегін жеткізді. Өнер иесі әлеуметтік желіде баласына әсерлі жазба арнаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тамара Асар тұңғышын туған күнімен Instagram парақшасында құттықтаған. Ол баласы өзінің тұлғалық қалыптасуындағы діңгегі екенін алға тартты.

"Туған күнің құтты болсын қоңыр қозым. Сен менің тұлғалық қалыптасуымдағы діңгексің. Шүкір. Ендігі кезекте өзіңнің тұлғалық қалыптасуыңа өзің мықты алтын діңгек бол. Біз сол діңгектің құнарлы топырағы болайық, ал сенің жақындарың, айналаң, араласатын ортаң, достарың суаратын қорегі-су болсын, Алладан берілген,қанмен келген ақкөңіл мінезің, адамгершілік азаматтық позицияң, алған және алатын білімің, жасаған және жасайтын жаттығуларың сенің кеудеңді кеңінен керіп еркін тыныс алатын оттегің болсын.
Құнарлы топырақта тамырын тереңге тартқан, діңгегі мықты жап-жасыл бәйтерек болып жайқалып өсе бер, жапырағым. Мен сені қатты құрмет тұтам құлыным.
"Аман - ердің аты" шығар, аман жүр", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951640-menin-qalyptasuymdagy-dingeksin-tamara-asar-ulyn-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady/

pixel