Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Достық пен махаббатты салыстыруға болмайды": Ақбота Сейітмағамбет өмір туралы сыр шертті

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет достық пен махаббат тақырыбына қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі бұл ұғымдарды өзара салыстыруға болмайтынын алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет өмірге қатысты ой-толғауын Instagram парақшасында бөлісті.

"Достық пен махаббатты салыстыруға, екеуінің біреуін таңдауға болмайды. Біз түн мен күннің біреуін ғана таңдап, екіншісін өмірімізден ысырып тастамаймыз ғой. Сол сияқты екеуі де бізге ауадай қажет. Өмірдің өзі осылардан бастау алады", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әртістің пікірімен келісіп, оған деген жылы лебіздерін білдірген.

"Толықтай келісемін, дұрыс айтылған", "Керемет, менде солай ойлаймын", "Ойымыз бір жерден шықты. Мен де сондай пікірдемін", "Қандай сұлу қыз", "Өзі сұлу, өзі ақылды", "Жарайсың", "Дұрыс бағытта ойлайды екенсің", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951644-dostyq-pen-maxabbatty-salystyruga-bolmaidy-aqbota-seiitmagambet-omir-turaly-syr-sertti/

pixel