Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіме тең адам таппадым": Роза Рымбаева алғаш рет жеке өмірі туралы сөз қозғады

Опубликовано:

Роза Рымбаева. Кадр
Роза Рымбаева. Кадр: YouTube/Әйел әлемі

Қазақ эстрадасының жұлдызы Роза Рымбаева алғаш рет өзінің жеке өмірі туралы сөз қозғады. Ол өзіне сөз салғандар аз болмағанын, алайда өзіне тең болар адамды кездестірмегенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы әнші "Әйел әлемі" бағдарламасында әңгімеледі.

Сұхбат барысында Роза Рымбаева өзінің шығармашылығы, марқұм жары, сонымен бірге тағдырына қатысты ойымен бөлісті. Сондай-ақ ол жеке өміріне қатысты да пікір білдіріп, өзіне сөз салған жандар туралы айтты. Айтуынша, ол жеке өмірінен гөрі балаларын биік қойып, өзгемен көңіл жарастыру туралы мүлдем ойламаған.

"Ондай ой да, жоспар да, мақсат та болған емес. Біреулер "мына балаларыма әке керек, қалай асырмаймын" деп ойлайды ғой. Бірақ неге екенін, менде ондай болған жоқ. Ондай адам кездеспеген шығар. Сенетін, қатты жүрегіммен қабылдайтын адамды кездестірмеген шығармын деп ойлаймын. Менде аса іздегем жоқ. Көңіл білдірген, сөз айтқан кісілер көп. Бірақ ешкімді қабылдай алмадым. Әңгімесін, сөзін.

Өзіме тең адам таппадым. Бірақ іздемедім де. Мендегі мақсат тек екі баланы жеткізу болды. Солардың денсаулығын, өмірін көбірек ойлайтынмын. Олар қарсы болмас еді, әрине. Бір күні Мәди "әрине, оның құқығы бар. Бірақ мен қаламаймын" деп. Айтуын айтады, кездестірсе барсын деп. Бір жағынан осы да дұрыс шығар. Екі балаңа бөтен біреу әке бола алмайды", - деген ойынбілдірді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951685-ozime-ten-adam-tappadym-roza-rymbaeva-algas-ret-zeke-omiri-turaly-soz-qozgady/

pixel