Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Серікбол Сайлаубек қажылыққа аттанды (фото)

Опубликовано:

Серікбол Сайлаубек бауырларымен қажылықта
Фото: Instagram/serikbol_sailaubek

Отандық танымал әнші Серікбол Сайлаубек Медина қаласына қажылыққа аттанды. Бұл туралы өнер иесінің өзі әлеуметтік желіде хабарлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Серікбол Сайлаубек қажылық парызын өтеуге ағалары мен інілерімен бірге барған.

"Біз қазір Медина қаласындамыз. Ағаларыммен келіп қалдым. Бір бөлмеде тұрып жатырмыз. Қазақ бауырлары болып бөлінбей біз, сізіміз жарасып жүрміз. Елімізге тыныштық тілеп жатырмыз. Ниетіміз қабыл болсын", - деді шоу-бизнес жұлдызы.

Әнші қасиетті мекеннен фото және видеоларын бөлісуде. Ол Instagram парақшасында оқырмандарына әр күні қалай өтіп жатқанын көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін қажылыққа актер Дәурен Айдарқұлов пен Нұртас Адамбай да барған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951840-ansi-serikbol-sailaubek-qazylyqqa-attandy-foto/

pixel