Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақерке Бүркітбай: Әркім өз тағдырын өзі жасайды

Опубликовано:

Ақерке Бүркітбай
Фото: Instagram/akerkeburkitbay

Отандық танымал әнші Ақерке Бүркітбай өмір мен адам таңдауына қатысты өз ойын жазды. Роза Рымбаеваның келіні елде орын алған ан қайғылы жағдай жайлы айтып, бей-жай қалмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақерке Бүркітбай әсерлі жазбасымен Instagram парақшасында бөлісті.

"Әркім өз тағдырын өзі жасайды. Өмір әртүрлі белгілер бере алады, бірақ түптеп келгенде бәрі адамның өз таңдауымен анықталады. Біз мұндай таңдауды күн сайын, әр сағат сайын, минут сайын жасаймыз. Өзіңмен адал болу және даналық пен барды қабылдай білу өте маңызды", – деп жазды әнші. 

Өнер иесі елімізде болған қайғылы жайтқа қатысты өз пікірін айтып өтті.

"Соңғы күндері болған жағдай әр қазақтың жүрегінде ойып тұрып орын алды. Бұл тарих! Әрқайсымыз үшін өте қымбатқа түскен сабақ! Қаншама қыршын кеткен жас сарбаздың өмірі, қанша қарапайым халықтың өлімі есімізде мәңгілік қалады. Осы сабақтан шешім шығарып, әр қазақстандық еліміздің көркеюіне үлес қосу керек. Әрқайсымыз өзімізден бастасақ қана нәтиже шығара аламыз!", – деп жазды Бүркітбай. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951858-aqerke-burkitbai-arkim-oz-tagdyryn-ozi-zasaidy/

pixel