Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менен құпиялары көп": Тамара Асар жолдасы мен ұлының арақатынасы қандай екенін айтты

Опубликовано:

Тамара Асар ұлымен
Фото: Instagram/tamara_assar_official

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Тамара Асар жолдасы мен ұлы Қамбардың өзара арақатынасы туралы бар шындықты айтты. Өнер иесінің сөзінше, олардың әншіден жасыратын құпиялары көп, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тамара Асар отбасылық өміріне қатысты тың мәліметтермен Instagram парақшасында бөлісті. Ол оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Эстрада жұлдызы жолдасы мен тұңғышының қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді. Оның айтуынша, олар жақсы тіл табысып кеткен.

"Әкелік-достық, сыйласу деп ойлаймын. Олардың менен құпиялары көп сияқты, өзара шешіп жатады, шүкір. Әйтеуір мен уақытылы тамақ берсем болды", - деді Тамара Асар.

Айта кетейік, бұған дейін Тамара Асардың алғаш жолдасы туралы айтқанын жазған болатынбыз. Өнер иесі отағасы туралы тың ақпаратпен бөлісті.

Тамара Асардың Stories-і
Скриншот: Instagram/tamara_assar_official

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952109-menen-qupiyalary-kop-tamara-asar-zoldasy-men-ulynyn-araqatynasy-qandai-ekenin-aitty/

pixel