Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағымпаздардан жиіркенемін": Меруерт Түсіпбаева ашулы жазба жариялады

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева жағымпаздық тақырыбын көтеріп, оған қатысты өз ойын ашық жеткізді. Өнер иесі бұрын билікті мақтап жүріп, бүгінде пікірі өзгеріп шыға келген әріптестерін сынап тастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

"Мен білмеймін, билік ауысты ма, әлде ауыспады ма? Оны аман-есен болсақ, уақыт көрсетеді. Бір өкініштісі, жағымпаздық қазақтық қанына сіңген қасиет қой, ол өнер адамдарының ортасында да бар. Көп! Мен жиіркенемін ондай мінезді адамдардан. "Адам болып келдім өмірге, адам боп кету тілегім, бәріңе соны тіледім", - деп шырқап кеткен Жәнібек Кәрменов. Жақында ел жинаған ақшаға жай ғана есеп беру сұрағанымда осындай құбылмалы әріптестерімнің маған деген көзқарасының өзгергенін көрдім.

Мысалы, мен ертең бір министрге тұрмысқа шықсам, олардың маған деген көзқарасы тез-ақ өзгереді. Мен ештеңеге таңғалмаймын. Анау атақты режиссер, мынау бәленбай жобасы бар продюсер. "Үндемей отырайын, мені теледидардан көрсетпей қояр, жобаларына шақырмай қояр" деп ешқашан жалтақтамаймын. Ол да пенде, мен де дәл сондай құдай жаратқан пендемін. Ол менен артық емес, бәлкім дәл бүгін оның асығы алшысынан түсіп тұрған шығар. Түссін! Қуаныштымын!

Бірақ, бақпен тақты салмақ қана көтереді! "Ойланыңдар, жігіттер! Баста дәурен тұрмайды" - деп кеткен бабаларым. Қазір желіде кезінде Елбасыны мақтап жүргендердің бүгінгі сөздері, жасаған қылықтары мені таңғалдырмайды. Жағымпаздық қазақтың қанында", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952296-zagympazdardan-ziirkenemin-meruert-tusipbaeva-azuly-zazba-zariyalady/

pixel