Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Дариға Бадықова жас кезінде қандай болғанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Фото: Instagram/dariga_badykova

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова жастық шағын еске алып, жас кезіндегі фотосын көрсетті. Желідегілер өнер иесінің сұлулығына тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова жас кезінде қандай болғанын Instagram парақшасында жариялады.

"Арықтығымызды қайдам. Жастық шағымыз-ай", - деп жазып қойды актриса фотоның астына.

Желі қолданушылары өнер иесінің суретіне жарыса пікір білдіріп, оған ыстық ықыласын жеткізді. Олар Бадықованың пластикаға жүгінбей, табиғи сұлулығын сақтап қалғанына тәнті болған.

"Өте әдемісіз", "Қазір де осы қалпыңызда қалғансыз ғой", "Сондай сүйкімдісіз", "Әлі де жап-жассыз", "Жылдар өтсе де сіз қатты өзгермегенсіз. Әлі жас қыздай", "Табиғи сұлулығы мен қарапайымдылығын доғалтпаған актриса", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952623-aktrisa-dariga-badyqova-zas-kezinde-qandai-bolganyn-korsetti-foto/

pixel